Евразиялық одақ

ЕАЭО ұлттық және еуразиялық өндіріс құзіреті орталықтарын құрады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ұлттық және еуразиялық өндіріс құзыреті орталықтары құрылады. Білдер жасау саласындағы инжиниригтік орталықтың құрылуы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өндіріс пен агроөндіріс кешені бойынша Коллегия мүшесінің (министрдің) көмекшісі Владимир Мальцев Красноярск экономикалық форумында хабарлады.
Әлемде26 Сәуір , 18:21

Бұл ЕАЭО-ның екі немесе оданда көп елдерінің кәсіпорындары мен ғылыми орталықтарын біріктіретін пилоттық жобалардың бірі.

«Құзырет орталықтарын ашу туралы бастамалар Комиссияның көптеген шешімдерінде бекітілген. Ол Одақтың барлық елдерінде зерттемелері мен жинақтаған өндірістік-техникалық әлеуетін ескере отырып ашылатын болады. Мысалы, Беларусияда металл кесетін құрылғымен байланысты бағытты дамыту көзделген. Ал, Ресейде СБҚ өндірісін, Қазақстанда –   тұрақты және инженерлік қамтамасыз ету мен балқыту, Арменияда – нақты механика мен жайғастыру тетіктері бар өндірісті дамыту жоспарланған», – деп атап өтті Владимир Мальцев өз сөзінде.

Қазіргі таңда ЕАЭО-ның ірі кооперациялық жобаларын Еуразиялық даму банкімен қаржыландыру мәселесі шешілуде.

Осы ретте, ЕЭК міндеті – жүйелік негізгі құралдарды ұйымдастыру және осындай құзырет орталықтарын құру үшін жағдай жасау. 2018 жылдың аяғына қарай ұлттық сегменттердің жанынан кооперация мен субкелісім шарт жасасудың еуразиялық желісі құрылады. Бұл кооперациялық желіге кіретін мүше мемлекеттердің кәсіпорындары арасында қажетті бөлшектердің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.

«Біз Еуразиялық техникалық платформалар аясында бизнеске аталмыш орталықтарды құруға атсалысуға шынайы мүмкіндіктер беріп отырмыз», – деп баса айтты Владимир Мальцев.




Яндекс.Метрика