Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Н. Назарбаев ҚХА мүшелерін ең ризашыл тыңдарман деп атады (ФОТО)

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу және олардың алдында сөз сөйлеу аса қуантады. Президент елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөйлеген кіріспе сөзінде осылай деді.
Астана қаласы 26 Сәуір, 16:07

«Өздеріңіз білетіндей, елде әр түрлі деңгейдегі басшы ретінде көп жыл бойы қызмет атқарған кезімде маған әр түрлі аудитория алдында бірталай сөз сөйлеуге тура келді. Бүгін сіздермен кездесіп, алдарыңызда сөз сөйлеу мені аса қуантады, себебі сіздер – Ассамблея мүшелері – ең ризашыл тыңдармансыздар», - деді Президент.

Елбасы ниеттестері тарапынан қолдауды сезетінін айтты.

«Мен сіздермен біргемін және әрқашан қолдауларыңызды сеземін. Мен үшін ең жақсы музыка мен концерт – мәдени орталықтардың өнер көрсетуі. Әрине, бізде жоғары шабыт бар. Бізде опера және балет бар. Онымен айналысып, оны сүю қажет. Ал халықтық музыка ол біздің табиғатымызға ана сүтімен дарып, қанымызға сіңген. Біздің Ассамблея тәуелсіздігіміздің ұлы жаратылысы деп санаймын. Бүгін сіздермен кездескеніме аса қуаныштымын», - деп бөлісті Елбасы.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтіп жатыр. Сессия барысында Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлі жайында да айтып өтті. 

Ақбота Күзекбай

Фото Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика