100 табыс тарихы

Табыс тарихы: Өскелең ұрпақтың біліміне қосқан ұстаздың үлесі

Бүгін облыс əкімінің орынбасары Марат Тоқжанов 65 жылдық мерейтойына байланысты ардагер-ұстаз,«Құрмет» ордені, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Светлана Бисембаеваны қабылдады.
Батыс Қазақстан26 Сәуір , 18:43

Светлана Ирғалиқызы 1973 жылы Орал қалалық №16 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады.

 Кейін Орал қалалық білім бөлімінде инспектор, білім қызметкерлерінің қалалық комитеті төрайымы қызметін атқарды. 1989-2002 жылдары Орал қалалық білім бөлімінің, 2002-2006 жылдары білім басқармасының басшысы болды.

Қабылдауда Светлана Бисембаева өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында нарықты дендеген дағдарысқа байланысты Орал қаласында қазақ мектептерін ашу оңай болмағанын әңгімеледі.

Қазіргі уақытта зейнеткер бірге еңбек еткен әріптестері жайында естелік-кітап жазып жатқанын айтты. Марат Лұқпанұлы ардагер-ұстазға облыс әкімінің алғыс хатын табыстап, «Жібек жолы» кітабын сыйға тартты.




Яндекс.Метрика