Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Ақтауда ҚР Президентінің қатысуымен битум зауыты қолданысқа берілді

Бүгін, 20 желтоқсан Идустрияландыру күніне арналған Жалпыхалықтық телекөпір барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ақтаудағы битум зауытын қосуға бұйрық берді.
Маңғыстау20 Желтоксан , 16:52

«ҚазМұнайГаз» компаниясы мен қытайлық компания бірлесе отырып жүзеге асырған жоба ҮИИД МБ ауқымды жобаларының бірі. Жыл сайын зауыт 400 мың тонна және 120 мың тонна  модификацияланған жол битумдарын өндіреді. Сондай-ақ, 15 мың жанар жағар май фракциясы мен 230 мың тонна жермай өндіреді.

«ҚазМұнайГаз» ақпараты бойынша мақсатты жерге битумды жеткізу үшін арнайы инновациялық технология қарастырылған. Олар екі түрлі: Биг-Беги (1000 кг.) және шыны қаптар (40 кг.). Олар балқытылған битумдарды тасымалдауда өте қолайлы, пішінін өзгертпей мақсатты орынға жеткізеді.

Айта кетейік, жол битумдары әр түрлі ауа райында сапалылылықты қамтамасыз етіп, жөндеуді қысқартады. 




Яндекс.Метрика