Ұлт жоспары 100 нақты қадам

А.Садуақасова: ҚХА – Қазақстан құндылықтары естелігінің институты

Эксклюзив
Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл Қазақстан құндылықтары естеліктерін сақтап келе жатқан институт, деп хабарлады ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы Айгүл Садуақасова Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында.
Астана қаласы 26 Сәуір, 15:43

«Бүгін ҚХА-ның  25-ші мерейтойлық сессиясы өтуде және басты тақырып біздің ұлтымыздың рухани жаңғыруы. Президент өзінің ««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында басты жағдайларды атап көрсетті және олардың барлығы әр қазақстандыққа қатысты. Ол тарих, болашақ, құндылықтар туралы айтқан болатын, менің ойымша бұл ҚХА сессиясының негізгі тақырыбына айналады», - деді А.Садуақасова.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, Ассамблея Қазақстанның айтулы оқиғалары туралы естелікті сақтап келе жатқан институт.

«Біз Ассамблеяның Қазақстан құндылықтары естеліктерін  сақтап келе жатқан институт екенін білеміз. Ассамблея аясында елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің тілдері, салты мен дәстүрі, мәдениеті дамуда  және жалпы қазақстандық біркелкілік қалыптасуда. Менің ойымша бүгін ҚХА мүшелері  өздерінің тың идеяларымен, болашаққа жоспарларымен бөлісетін болады», - деп ағынан жарылды А.Садуақасова.

Сонымен қатар, ол хабарлағандай, ҚХА шарасына Қазақстанның бүкіл аймақтарынан 1,5 мыңнан астам адам келді.

«Бүгінде Қазақстанның бүкіл өңірлерінен делегаттар келді. Біздің аймақтарда филиалдарымыз бен мыңдаған этно-мәдени бірлестіктеріміз бар. Әр облыста Достық үйі жұмыс істейді.  Біздің ғылыми-сараптамалық топтарымыз да бар. Және де бүгін олардың барлығы осы залда отыр»,- деп түйді А.Садуақасова.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтуде.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика