«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Степногорде қазандық құрылысына 800 млн теңге бөлінді

Ақмола облысының Степногор қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 800 млн теңге шаңтөбе қазандығының құрылысына бөлінді, деп хабарлады кәсіпкерлік бөлімі жетекшісінің орынбасары Анар Новрузов әкімдік отырысы кезінде.
Ақмола26 Сәуір , 16:23

Баяндамашы айтып өткендей, тауарлық өнімді өндіру көлемі биылғы жылдың бірінші тоқсанында 21,3 млрд теңгені құрады,  ал, жоспар бойынша  19,7 немесе  102,2 пайызды құрауы керек еді. Жеке тауар айналымының ФКИ  103,8 пайызды құрады. Сондай-ақ,  негізгі капиталға құйылған инвестиция қарқыны артуда – бірінші тоқсанда  физикалық индекс көлемі  147,8 пайызды құрады.

«Кәсіпкерлік саласында гранттық қаржыландыру  БЖК бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алу үшін  8 жоба берілді, байқау қорытындысы  Ақмола облысының РСК отырысында мәлім болады.

Ауыл  шаруашылығы мақсатына тартылған жерлерге келсек, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша  олардың үлесі 2,7 пайызды құрады, жылдық жоспар 3 пайызға тең», - деді А.Новрузов.

Сондай-ақ, ТКШ дамыту аясында «Шаңтөбе-энерго кешені» ЖШС  мамандандырылған техниканы  50 млн теңгеге сатып алуды жоспарлап отыр.  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  республикалық бюджеттен  800 млн теңге  шаңтөбе қазандығының құрылысына бөлінеді.

Абаттандыру шараларына келетін болсақ, екінші тоқсанда 800 ағаш отырғызылатын болады, 3 мың гүлден безендірулер жасалады. Бұл жұмыстар  үшін жұмыс тобы жиналуда», - деді ол. 




Яндекс.Метрика