Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай көрме ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астана қаласындағы «Көрме» орталығында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен, Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай, еңбек қорғау және өнәркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі көрмесі өз жұмысын бастады.
Астана қаласы26 Сәуір , 12:56

 KIOSH жобасы  28 сәуір Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орайластырылды.

Көрмені аша отырып ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мен өндірістік жарақаттануды азайту Үкімет пен ҚР ЕХӘҚМ үшін басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.  

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қауіпсіздік пен еңбек нарығына қатысты көрме өткізеді. 

 

«Осы жылдар ішінде шараға  350 әртүрлі компания мен  10 мыңнан астам адам  көрмеге қатысқан. Көрменің басты мақсаты техникалық тауарды ғана көрсету емес, қызмет пен өндірісті па ету. ITECO компаниясымен  біз жыл сайын аталмыш көрмені ұйымдастырдық», - деді министр.

Көрмеге әртүрлі елдің 40 компаниясы қатысты.

Өндірістік нысандардағы еңбек жағдайын аттестациялауға талап күшейіп, мұнда сынақ зертханаларының міндетті аккредитациясы болуы қарастырылған. 

«KIOSH» көрмесі – өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында тәжірибе алмасу мен соңғы жылдардағы жетістіктерімен бөлісуге арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған алаң. 

Көрмеде құрылыс, көлік, энергетика, химиялық, тау-металлургиялық, мұнай-газ өнеркәсібі салаларында қауіпсіздікті жан-жақты қамтамасыз етуге арналған  өнімдер мен қызметтер толық ұсынылған.

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова нысандардың барлығымен танысып, ұйым өкілдерімен әңгімелесті. 

«Өндірушілер бұл алаңда кездесіп, көптеген келісімдерді талқылайды. Мәселен, теміртаулық компания  өндіріп қана қоймай,  өз өндірісін кеңейтіп, компаниялармен  ынтымақтастық жүргізеді. Жыл сайын  жаңашылдық туады. Оның нәтижесі Қазақстандағы травматизм  деңгейін түсіре алдық», - деді Т.Дүйсенова.

Көрмеден кейін  аталмыш тақырып бойынша конференция өтті, шарада алты елден келген  50 спикер баяндама оқыды.

Жалпы, көрме екі  күнге созылады.

Ақбота Кузекбай

Фото: Арман Мұхатов




Яндекс.Метрика