Энергетика

«ҚазТрансОйл» 3 ай ішінде 11 млн тонна мұнай тасымалдады

2016 жылдың 1-ші тоқсанында жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 11 млн 170 мың тонна құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас көрсеткішінен 1%-ға жоғары, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан26 Сәуір , 19:34

Сонымен қоса, шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдау көлемі 14 млн 263 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 1%-ға төмен.

«Мұнайдың жүк айналымы 1-ші тоқсанда жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 9 млрд 403 млн тонна-километрді құрады, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 3%-ға жоғары. Ал шоғырландырылған айналым 11 млрд 386 млн тонна-километрді құрады, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 2%-ға жоғары», - делінген хабарламада.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 5 млн 933 мың текше метр болды, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 8%-ға жоғары.

 




Яндекс.Метрика