Парламент

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы реадмиссия туралы келісімді мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлы отырысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді жүзеге асыру тәртібі туралы атқарушылық хаттама мен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын таныстырды.
Астана қаласы26 Сәуір , 12:23

«Келісім мен Хаттама өзара келісіп отырған мемлекет азаматтарының, үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін реттеуді қарастырады. Бұл санатқа ел аумағына заңсыз шығып кеткен немесе заңды түрде өтседе болу мерзімі аяқталған тұлғаларда жатқызылады», - деді Қ.Қасымов.

Сонымен қатар ол атап өткендей, келісімді ратификациялау заңсыз миграцияны балдырмайды.

«Аталмыш заңды қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарды болдырмайды дәне қосымша шығынды қажет етпейді. Сонымен қатар, реадмиссияға сұрау келіп түскенде «Бүркіт» ақпараттық жүйесі арқылы қазақстандық тарап тұлғаның есепте тұрған тұрмағанын анықтайды және егер есепте тұрғын болса оны шығару үшін басқа заңдар қолданылады», - деп мәлімдеді Қ.Қасымов.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика