Парламент

Н.Нығматулин Үкіметті ЖӨБ туралы заңды жүзеге асырғанда мұқият әрі жауапты қарауға шақырды

Мәжілісте Палата Спикері Н.Нығматулиннің төрағалығында өткен жалпы отырыста жергілікті өзін-өзі басқару туралы мәселелер бойынша заңнамалық өзгерістер екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 26 Сәуір, 13:48

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі кілті квазимемлекеттік сектор өкілдерін сыртқы өзара байланыстарға тартуға қатысты норма болды. Заң жобасын екінші оқылымда қарау барысында Мәжіліс Спикері Мемлекет Басшысының бюджет қаржысын тиімді пайдалану туралы берген тапсырмаларына айырықша назар аудартты.

«Барлық мемлекеттік органдар мемлекет кепілдігі арқылы тартып, өзара байланыс орнатуды назарға алуы керек. Оның үстіне Елбасы бюджет қаржысын тиімді пайдалануды әрдайым тапсырып отыр,- деді Н. Нығматулин.

Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы салық төлеушілердің қаржысынан бюджет естептесіп отыратындықтан сыртқы қарыздар тыңғылықты есептелуі керектігін атап өтті.

«Өзермеуге тиісті бір қағида: қарыз аларда бәрін есептеп шығу қажет. Сіз бен біз қор барын және оның резерві пайдалнылмағанын білеміз. Біз бюджетті қарағанда, оның орындалуынан кейбір мемлекеттік органдардың жылдық қорытындыда миллардтаған қаржыны игермегенін көреміз. Солай бола тұра сол мемлекеттік орган сырттан қарыз алуға тырысады. Қарыз алмастан бұрын өз мүмкіндігіңізді пайдаланған дұрыс. Осыдан шығатыны, атқарушы орындар жергілікті жерде заңды қалай орындап жатқанының маңызы зор. Сондықтан біз Үкіметті жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды жүзеге асырғанда мұқият әрі жауапты қарауға шақырамыз,- деді Н. Нығматулин.

 





Яндекс.Метрика