Халықаралық интеграция

Оңтүстік Корея Қазақстанмен ақпараттық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөліседі

Оңтүстік Корея Қазақстанмен ақпараттық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөліседі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегацияның Сеул қаласына (Оңтүстік Корея) ресми сапары барысында белгілі болды.
Әлемде26 Сәуір , 14:57

Жоғарғы сот хабарлағандай, іссапар шеңберінде қазақстандық делегация Кореяның Жоғарғы Сотында болып, онда осы соттың төрағасы Янг Сынг-тэ мырзамен кездесті. Кездесу барысында Қ.Мәми кореялық әріптестерімен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және өзара іс-қимыл орнатқан жылдар ішінде қалыптасқан екі жақты қарқынды байланыстың сенімді мәмілегерлік сипат алғанын атап өтті.

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстандағы конституциялық реформа шеңберінде орын алған өзгерістер, соның ішінде, Ұлт жоспарын іске асыру аясында еліміздің сот-құқық саласындағы жаңашылдықтар туралы әңгімелеп берді.

Янг Сынг-тэ мырза, өз кезегінде, өзара ұтымды серіктестік қағидатына негізделген қазақстандық-кореялық қатынасты нығайтуға ықпал ететін ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттігін тілге тиек етті. Ол кореялық тараптың қазақстандық әріптестермен сот ісін жүргізу, соның ішінде, сот әкімшілігі саласына ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді.




Яндекс.Метрика