EXPO-2017

Астана әкімдігі көрермендер назарына ауқымды мәдени-бұқаралық шаралар бағдарламасын ұсынады

Елорда әкімдігі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында ауқымды мәдени-бұқаралық бағдарлама дайындады.
Астана қаласы26 Сәуір , 20:43

Елорда әкімдігі  хабарлағандай, ауқымды шаралар қатарында халықаралық фестивальдермен көрмелер, отандық және әлемдік эстрада жұлдыздарының концерттері, классикалық және халық музыкасының концерттері, премьералар, цирктік қойылымдар, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңдағы және Қалалық алаңдағы, барлық саябақтардағы халықтық серуен форматындағы шаралар бар.

Бірінші кезекте ұйымдастырушылар қазақ халқының жарқын туристік көрінісін жеткізетін шараларды ескерді, оның ішінде «Астанаға тарту» дәстүрлі қазақ музыкасының концерті, «Мүшәйра» республикалық ақындар конкурсы, «Шашу» халық биінің халықаралық фестивалі, «Серпер» халық аспаптары оркестрлерінің фестивалі және «Астана самалы» үрмелі аспаптар оркестрі, қазақ халқының дәстүрлі сусыны – қымызға арналған Қымызмұрындық мерекесі, «Астана Арқау» түркі музыка фестивалі, биыл Әзірбайжан Мәмбетовке арналған V «Сахнадан сәлем» халықаралық театр фестивалі, және т.б. бар.

Айта кетейік, ойын-сауық шараларының басым бөлгіне астаналық шығармашылық ұжымдар тартылған. Елордалық театрлардың, филармонияның, цирк пен қаланың басқа да мәдени мекемелерінің артистерін бүгінде әлемдік қоғам мойындаған, олар жетекші халықаралық алаңдарда еліміздің имиджін көтеріп, ЭКСПО көрмесі барысында өнер көрсетуге адйын. Мұнымен қоса, концерттерге этномәдени бірлестіктердің ұжымдары мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен шығармашылық ансамбльдер қатысады.

Жыл сайын қала тұрғындары мен қонақтарының демалысын жоспарлау кезінде қала билігі шаралардың қолжетімділігіне баса назар аударады. Бұл жолы мәдени-бұқаралық бағдарламалардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін ашық алаңдарда өтеді.

Мысалы, Сулы-жасыл желекжолда креативті идеялардың заманауи алаңы Astana Art Fest фестивалі өтеді. Қалалық саябақтарда демалыс сайын отбасылық демалысқа арналған Astana Park Land шарасы өткізіледі, Есіл өзенінің жағасындалазерлік шоу мен субұрқақтар шоуын, сондай-ақ, «Есіл кештері» концерттерін тамашалауға болады.

Астана қаласының маңындағы тоғыз тұрғын алабы да назардан тыс қалмайды. Барлық тұрғын алаптарында танымал қазақстандық артистердің қатысуымен «Думанды Сарыарқа» бағдарламасы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, елордада белгілі эстрадалық, электронды музыка, рок және джаз концерттері, сонымен қатар, International Street Dance Session көше биі фестивалі өтеді. Шаралардың барлығына кіру - тегін.

Әкімдік көрермендер назарына ЭКСПО көрмесі аясында алғаш рет өткізілетін бірқатар жаңа жобаларды ұсынбақ. Атап айтқанда,музыка өнеріне қосқан елеулі үлесі үшін наградалар табысталатын «Астана Дауысы» халықаралық музыка фестивалі, алғаш рет қытайлық кунг-фу шоуы өтеді. Бұдан басқа, КВН ойынының тарихында алғаш рет ресейлік жүргізуші Александр Масляков Қазақстанның елордасында Жоғары лиганың соңғы жылдардағы чемпиондарының арасында Жазғы кубокты сарапқа салады. Ойын Астанада 1 шілдеде өтеді, чемпионат Бірінші арнадан тікелей эфирде көрсетіледі. Туған жері – Қазақстанда көпшілікке танымал болған артистер де назардан тыс қалмайды, дейді ұйымдастырушылар.

 

 




Яндекс.Метрика