Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда мемқызметкерлер этикасы кодексімен мобильді қосымша іске қосылды

Мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп ережелері туралы ақпаратты жан-жақты тарату мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Мемлекеттік қызметтегі әдеп» атты мобильді қосымша әзірленді, деп хабарлады агенттік.
Казахстан26 Сәуір , 14:32

Мобильді қосымшада Әдеп кодексі, әдеп жөніндегі уәкілеттілер туралы ақпарат, мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісі жөніндегі ұсыныстар, әдептілікті анықтау бойынша тестілеу және сыйлықтар жөніндегі жаднама бар.

Қуаныш Жапақов мобильді қосымшада қызметшінің әдепсіз мінезі жөнінде Агенттіктің блогына тікелей шағымдануға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Бұл қосымша тегін таратылған және оның қызметі жөнінде барлық қызметшілер білетінін хабардар етті.

Осындай байланыс арнасы тұрғындар үшін қолайлы және қолжетімді болғандықтан қоғаммен кері тиімді байланысты орнатуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Агенттік БҰҰДБ бірге 2017 жылға арналған «Қызметтік әдеп, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік қызмет реформасын қолдау» жобасы бойынша Жұмыс жоспары бекітілген, ол ағымдағы жылдың мамыр  маусым айларында мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейлеріне қоғамның көзқарасы бойынша әлеуметтік зерттеулер өткізуді көздейді.

Зерттеулер нәтижесі жаңа әдеп талаптарын жүзеге асыру және Әдеп кодексін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау бойынша қабылданған іс-шараларды қарап, түзетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Агенттікпен мемлекеттік органдарға Президент Әкімшілігімен келісілген барлық қызметшілер танысып, бұлжытпай орындағандары үшін әлеуметтік БАҚ-тағы мемлекеттік қызметшілермен аккаунттарды пайдалану жөніндегі Әдістемелік ұсыныстар жолданды.

Мемлекеттік органдардың қызметшілерімен әлеуметтік желілерде Әдеп кодексі талаптарын сақтау жөніндегі Агенттікпен өткізілетін мониторинг қорытындысы бойынша тәртіптік іс-шаралар қолданылады.

Мысалы, ағымдағы жылдың наурызында бірқатар мемлекеттік органдар бойынша мониторинг жүргізілген, оның барысында  инвестиция және даму, қорғаныс және ауеғарыш өнеркәсібі министрліктерінің аккаунттарында жағымсыз мінез-құлықтағы жеке материалдар анықталды.

Осы мәліметтер мемлекеттік органдарға мұндай ақпараттарды жою және бұл материалдарды орналастырған мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау үшін жолданды.

Сәуірде жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізіледі.

Жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» Заңында әдепке  жеке тарау арналған, Мемлекет басшысының Жарлығымен Әдеп кодексі қабылданды, мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі Уәкілеттілер жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.

Сонымен қатар, Әдеп кодексі мемлекеттік қызметке кіру кезінде тестілеу бағдарламасына енгізілген.

Осыған байланысты, үміткерлер қызметтік әдеп талаптарын мемлекеттік қызметке кіру кезінде зерделейді.




Яндекс.Метрика