ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР ҚАӨМ-де ақпараттық қауіпсіздік техникалық жобаларын енгізу талқыланды

Астанада ғалымдардың, қуатты құрылымдар, құқық қорғау органдары және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ғылыми-техникалық кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.
Астана қаласы26 Сәуір , 12:14

Министрлік хабарлағандай, отырыста екі бағыт – қорғаныс-өнеркәсіп кешені және ақпараттық қауіпсіздік бойынша 31 ғылыми-техникалық жоба қаралды.

Ведомствода хабарлағандай,  мақұлданған жобалардың көпшілігі ақпараттық қауіпсіздік салаға жататындығын айта кету керек, осы жобалар, ең алдымен, қуатты құрылымдар және арнайы мемлекеттік органдар үшін көкейкестігімен, олардың пысықталған деңгейімен және ІТ-компаниялар, математиктер мен студенттер кең ауқымын тартуға мүмкіндік беруімен ерекшеленеді, бұл ақпаратты қорғау және мамандандырылған ақпараттық технологияларды әзірлеу саласындағы қызметті насихаттау үшін маңызды болып табылады. Бұған қоса, осы жобаларды іске асыру «Қазақстанның Киберқалқаны» мемлекеттік бағдарламасы аясында маңызды болып табылады.

Қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы жобалар елдің қуатты және құқық қорғау құрылымдарының технологиялық міндеттерін шешу мақсатында көкейкестігімен (қару-жарақ пен әскери техниканың, роботталған техника жүйелерінің жаңа отандық үлгілерін құру және қолданыстағыларын жаңғырту және т.б.), тиімділігімен, өзектілігімен және пысықталған жоғары деңгейімен ерекшеленеді.

Барлық мақұлданған жобалар Министрліктің 2018-2020 жылдарға арналған Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасына енгізілетін болады.

Бағдарламаның табысты іске асырылуы қорғаныс, аэроғарыш, электрондық өнеркәсібі, ақпараттандыру және байланыс (киберқауіпсіздік) саласындағы ақпараттық қауіпсіздік салаларының ұзақ мерзімді ғылыми және инновациялық саясатының негізін құруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ақпараттық қауіпсіз жобаларды әзірлеу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтып өткен болатын.




Яндекс.Метрика