Ұлттың денсаулығы

1,5 мың павлодарлық 1 мамыр күні веложарысқа шығады

Павлодарда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралардың шеңберінде облыс орталығында веложарыс өтеді. Жарысқа мың жарым адам қатысады деп күтілуде.
Павлодар26 Сәуір , 11:38

Облыс әкімдігі хабарлағандай, велошеру Павлодар мен Ақсу қалаларын жалғайтын көпір арқылы өтеді.

Шерудің ұзындығы 30 шақырымды құрайды. Мың адам Кенжекөл ауылының жанындағы жол торабынан аттанса, Ақсу қаалсынан шыққан 500 велошабандоз олардың алдынан шығады.

Сонымен бірге, 1 мамыр күні «Құлагер» ипподромында ұлттық ат спортының түрлері бойынша қалалық сайыстар өткізіледі.

 

 




Яндекс.Метрика