Евразиялық одақ

ЕАЭО-да мемлекетаралық мәлімет алмасу жүйесі жұмыс істейтін болады

2017 жылдың соңына қарай ЕАЭО-да электрондық сандық қолды пайдалану арқылы мемлекетаралық мәлімет алмасу жүйесі жұмыс істей бастау керек. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) коллегиясының отырысында белгілі болды. Онда Еуразиялық экономикалық одақтық (ЕАЭО) трансшекаралық кеңістіктегі сенімді дамыту стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Әлемде26 Сәуір , 11:17

«Бұл ЕАЭО елдері арасында шынайы уақытта мәлімет алмасудың жаңа мәдениетін қалыптастыруда маңызды бастау.  ЕАЭО мемлекеттері мен бұқараның, билік органдары мен бизнестің қарым қатынасында онлайн-сервиске көшу – ол қажеттілік», – деп ағынан жарылды ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша   Коллегия мүшесі (министр) Карине Минасян. 

Трансшекаралық кеңістік сенімі – бұл мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында мәлімет пен эклектронды құжатты мемлекетаралық алмасуда өзара сенімді қамтамасыз ету мақсатында мүше-мемлекеттермен келісілген құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шарттардың жиынтығы.

Стратегия жеті жыл бойы үш кезең аясында жүзеге асырылатын болады.  Бірінші кезеңде электронды қарым қатынастың субъектілері ЕАЭО мемлекеттерінің билік органдарының қызметкерлері мен басшылары болады.

Жыл соңына дейін электрондық сандық қолды пайдалану арқылы мемлекетаралық мәлімет алмасу жүйесі жұмыс істей бастау керек.

«Шаралар жоспары стратегияның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін жасақталды. Оның басты мақсаты электронды құжаттың артықшылығын ЕАЭО-ның мүше мемлекеттердің билік органдары үшін қолжетімді ету», - деп атап өтті Карине Минасян.  

Жоспарға сәйкес ЕАЭО-ның мүшесі емес мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен байланыс орнату мақсатында трансшекаралық кеңістікті ауқымды ету бойынша шараларды дайындау көзделген. 




Яндекс.Метрика