Евразиялық одақ

ЕАЭО елдерінде АӨК қолдау шараларының тиімділігін бағалау әдісі мақұлданды

Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегиясы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі агроөндірістік кешенді қолдау мен агроөндірістік нарықты мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігін бағалау әдісін мақұлдады.
Әлемде26 Сәуір , 10:12

Комиссияның  ақпараты бойынша, әдіс мүше елдердің  АӨК-сін дамыту мен мемлекеттік  қолдаудың тиімділігін  арттыруды  бақылауға бірыңғай әдіс әзірлеу үшін қажет.

Ол одақ бойынша агроөндірістік  кешеннің  қолдау шаралары  мен мүше елдердің  жеке топтарға қатысты шаралардың тиімділігіне жауап береді.

«Бүгінде  аграрлық нарық пен  ауыл шаруашылығын мемлекеттік  қолдау  шараларының тиімділігін арттыру  бойынша ұсыныстар жасау  міндеті тұр», - деді ЕЭК  агроөндірістік кешен мен өнеркәсіптік жөніндегі коллегия мүшесі  Сергей Сидорский.

Қазіргі таңда  Одақта  қабылданатын шараларды  кешенді түрде бағалауға  қажетті әдістер болмаған еді.

Әдіснама АӨК саласындағы мемлекеттік реттеуді  бақылаудың механизмі болып табылады,  мониторинг комиссия мен мүше елдердің қолданылуына бағытталғандықтан  статистикалық көрсеткіштердің  бірыңғай тізімі бойынша әзірленді.

Бағалау бес талап пен  31 статистикалық көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады.  Назарға  нәтижелілік, әсер етушілік, тұрақтылық, шығын шығару алынады. Аталмыш әдіс  мақсатқа жету бойынша үздік әлемдік бағалау тәжірибесіне негізделген.




Яндекс.Метрика