Инновациялар

Қазақстанда 12 жеңіл электромобиль сатылды

2017 жылғы І тоқсан қорытындылары бойынша Қазақстанда 12 жеңіл электромобиль сатылды, деп хабарлады «КазАвтоПром» АҚ.
Казахстан26 Сәуір , 09:51

Есепті кезең қорытындылары бойынша Қазақстан аумағында бір жыл бұрын сатылған 4 автомобильге қарсы электр тарту күшімен жүретін 12 жаңа жеңіл автомобиль тіркелген.

«Өткізілген 7 автомобильдің жетеуі – Алматыда, бесеуі Астанада тіркелген», - деп нақтыланды «КазАвтоПром» АҚ-да.

2016 жылғы 2 қыркүйек – 2017 жылғы тамыз аралығындағы кезеңде Қазақстан, Ресей, Беларусь аумағында электр қозғалтқышымен жарақтандырылған жеңіл автомобильдер импортына нөлдік баж енгізілгенін атап өткен жөн. Қазақстанда 1 жыл болған жеңіл автомобильдерді бастапқы тіркеу үшін алым мен кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі дәстүрлі отынмен жүретін техника үшін ұқсас төлемнің 50%-ын құрайды. Бұдан бөлек, электромобильдер республика аумағында көлік салығын төлеуден босатылған.

Дегенмен, қолданыстағы жеңілдіктер электр күш агрегатымен жарақтандырылған автомобильдерге сұраныстың едәуір өсуі үшін жеткілікті емес. Электромобильдер қазақстандық автомобиль нарығының люкстік бөлігінде экзотикалық өнім болып табылады.

Қазақстандық автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындары бұрын электр тарту күшімен жүретін автомобильдердің пилоттық партияларын шығарудың сынақ тәжірибесін алғанын еске салу қажет. 




Яндекс.Метрика