Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қазақстанда сандық эфирлік телевизия іске қосылды

20 желтоқсан күні Астанада Мемлекет басшысының қатысумен өткен Индустрияландыру күндері аясында Қазақстанның облыс орталықтары мен Маңғыстау облысында сандық эфирлік телевизия ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан20 Желтоксан , 16:30

«Сандық эфирлік телевизияға өтудің екінші кезеңінің аяқталуымен Маңғыстау облысы халқы жоғарғы сапалы бейне және дауысқа ие 15, ал облыс орталығына жақын елді-мекендер тұрғындары 30 қазақстандық арнаға қосылуға мүмкіндік алып отыр», -делінген хабарламада.

Бүгінде сандық форматтағы отандық арналар облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы халқы тұрғындарына қолжетімді болып отыр. Осылайша шамамен 1150 елді-мекендегі 8 млн халық сандық эфирлік телеарналарды тамашалай алады.

«Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауыл мен қала халқының мүмкіндіктерін теңестіріп, елдің шекаралық аймақтарындағы елді-мекендерге де тартылып, халықтың 95 пайызына қолжетімді етілмек.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың шілде айындағы Индустриялды форум аясында Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен мен оған жақын жерлердегі елді-мекендерді қамтыған сандық эфирлік телевизияға өту бағдарламасының бірінші кезеңі қолға алынған еді. Осылайша 370 елді-мекендегі 3,5 млн адам аталмыш қызметке қол жеткізген болатын.




Яндекс.Метрика