АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ақтөбе облысында малдың барлық түрінің саны көбейді

Ақтөбе облысында 2017 жылдың 1 тоқсанында малдың барлық түрінің саны артты.Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Асқар Жүсібәлиев мәлімдеді.
Ақтөбе26 Сәуір , 09:24

Оның айтуынша, қазіргі таңда ауданда ауыл шаруашылық саласында 3 ЖШС, 11 ауыл шаруашылығын өндіру кооперативі мен 273 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 13 млрд 236 млн теңгені құрады. 2015 жылмен салыстырғанда өсім - 102%.  2017 жылдың 1 тоқсанына дейін ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 1 1 млрд. 903 млн. теңгені құрады.

Ол айтып өткендей, ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ірі қара мал саны 43 484 бас, қой-ешкі - 115 701, жылқы - 6 019 бас, құс – 39090.

«Ет өндіруді дамыту жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы 1677 сиыр семіртуге тапсырылды. 100 басқа арналған құны 6 млн теңге болатын тағы бір семірту алаңын ашу жоспарда бар. 11 ауыл шаруашылығын өндіру кооперативі құрылса, оның бірі құны 40 млн теңге болатын сүт цехын ашуға ниетті. Бұдан өзге жалпы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында, облыс әкімінің тапсырмасымен ауыл шаруашылығын қалыптастырушылар 50 млн теңгеге дейін несие алулары үшін ауданда «Темір» ауыл шаруашылық –несие серіктестігі құрылған болатын», - деді Жүсібәлиев.

Баспасөз мәслихаты кезінде аудан әкімі көктемгі далалық жұмыстары туралы айтып кетті. Оның сөзнше, 2017 жылы  7800 гектар жерді егу, соның ішінде 2200 гектарына астық егу жоспарланған.

Асқар Жүсібәлиев, сонымен қатар Темір ауданының жетекші саласы – өнеркәсіп екенін атап өтті. 2016 жылы өнеркәсіптік өндіріс 128, 9 млрд теңгеден асты. Оның ішінде мұнай өндіру көлемі  124,4 млрд.-тан астам теңгені құрады.




Яндекс.Метрика