Басқару

Ауқымды қоғамдық қолдау – елді сәтті жаңғыртуға қажетті шарт – Г.Әбдіқалықова

Ауқымды қоғамдық қолдау – елді сәтті жаңғыртуға қажетті шарт. Бұл туралы аталмыш ұйымның кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
Астана қаласы 25 Сәуір, 17:53

«Жыл басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  конституциялық реформа мен елдің үшінші жаңғыруына бастау берді.  Конституциялық реформа  елдің саяси жүйесін реформалауға бағытталған,  парламентаризмді дамыту  мен жұмыс тиімділігін  арттыруға бағытталған», - деді Г.Әбдіқалықова. 

Ол айтып өткендей, Елбасының Жолдауы  экономикалық  саясаттың басымдығын анықтап, экономикалық  өсімнің жаңа моделін қалыптастырады. 

«Ұлт көшбасшысы  рухани жаңғыруды жүзеге асыру тапсырмасын жүктеді,  ол саяси  және экономикалық жаңғыруды логикалық тұрғыда жалғасытырып отыр.  Дамудың негізгі ұстанымы  әрбір қазақстандықтың жаңаруға деген  ішкі ұмтылысы, ол арқылы біз ұлттық рухымызды нығайтуымыз керек», - деді ол. 

Сондай-ақ,  ҚХА «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуы керек. 

«Сонымен қатар, ҚХА қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуге қатысты түсіндіру жұмыстарын қолға алуы қажет. Осы салада түсіністік болуы шарт. Көптеген сұрақтар мен ұсыныстар болады. Әрине, ҚХА бұл жағдайға талдау жұмыстарын жүргізіп, өз ұсыныстарын айту керек», - деді ол.

Бұдан басқа, Гүлшара Әбдіқалықова ұлттың бәсекеге қабілетті болуы маңызды екендігін жеткізді.

«Бүгінгі күні ұлттың табысты болуы – адами капиталға байланысты. Яғни адамның бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Біздің қазіргі қоғамның дамуы үшін азаматтардың білім алуы бағдарламаларына, олардың кәсіби табысты болуына, салауатты өмір салтын ұстану сынды жобаларға қолдау көрсетуіміз қажет. Осыған байланысты Елбасы ұсынған «100 жаңа есім» жобасының алар орны ерекше. Олардың өмірі үлгі болуы керек. Осы залда ондай азаматтар бар», - деді Мемлекеттік хатшы.

Ол айтып өткендей, ҚХА жұмысы  қоғамдық қажеттіліктен туу керек, адамның қажеттілігіне бағытталып, жастардың назарын ерекше аударуы керек. 

Қайрат Жандыбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика