Парламент

Астанада ИЫҰ-ның ғылым мен технология бойынша бірінші саммиті өтеді

Астанада ағымдағы жылдың 10-11 қыркүйегінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жабылу күндері Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технология бойынша бірінші саммиті өтеді. Бұл туралы ҚР Парламентінің Сенаты экономикалық саясат, инновациялық даму мен кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында белглі болды.
Астана қаласы25 Сәуір , 17:46

Келелі отырыста ҚР-ның «Ислам ұйымы конференциясының мүшелері – елдері арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы басты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы  талқыланды.

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бәкенов атап өткендей, біздің еліміздің Ислам ұйымы конференциясына мүшелігі Қазақстанның мүше мемлекеттермен қарым-қатынасын нығайтуға, ислам кеңістігіндегі саяси және экономикалық процестерге қатысуына оң әсерін тигізеді.

«Қазақстан Республикасы 1995 жылы ИЫҰ-ның толық құқылы мүшесі болды. Қазақстанның келісімге қосылуы Қазақстанның мұсылман елдерімен байланысын одан ары дамытуға, ислам және экономикалық институттармен әріптестік қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізетін болады. Басты келісімге Қазақстан  Стамбул қаласында 2015 жылдың 25 қарашасында қол қойды.  Қазақстан келісімге қол қоя отырып сауда, инвестицияны қорғау мен одан ары жүргізу, технология трансферті, ғылым саласындағы ынтымақтастық бойынша әріптестікті күшейтуге мүдделі», – деп түсіндірді вице-министр.

Сонымен қатар, келісім аясында сауда айырбасын нығайту мен дамыту шаралары қолға алынады.

Айта кетерлік жайт, Астанада ағымдағы жылдың 10-11 қыркүйегінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жабылу күндері  Ислам ынтымақтастық ұйымының  ғылым мен технология бойынша бірінші саммиті өтеді.

Заңжобасы Сенаттық қарауына жіберілді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика