Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен ҚХА жемқорлықпен күрес бойынша бірлескен шаралар жоспарын әзірледі (ФОТО)

ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін ққалыптастыруға қоғамдық әлеуетті тарту мақсатымен шаралар жоспарын әзірледі. Бірлескен құжатты жүзеге асыруға Ассамблеяның барлық өңірлік құрылымдары, ғылыми-сарапшылық топ пен этномәдени ұйымдар қатысады. Бұл туралы ҚХА төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай ҚХА-ның кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы 25 Сәуір, 17:12

«Мемлекет басшысы  бағдарламалық мақалада  біз меритократиялық мемлекет құрып жатқанымызды айтып өтті, әрбір адам өзінің жеке үлесі бойынша бағаланады. Бұл жүйе жақындықты сүймейді. Бұл артта қалған қоғамдағы  мансапты  дамыту болып табылады. Екіжақты жоспарға қол қойылу  жемқорлықпен күресте өзіндік әсер береді», - деді Д.Мыңбай.

Өз кезегінде, ҚР Мемлекеттік қызмет  және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі   төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев  қоғамды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Жоспардағы бірлескен шаралардың өзектілігін тілге тиек етті.

«Жемқорлық мемлекеттік ұстанымдарды, рухани құндылықтарды  құлдырауға әкеліп, адамдардың билікке  деген сенімсіздігін тудырады», - деді А.Шпекбаев.

«Халықаралық рейтингтерге сәйкес, жемқорлықпен күрес  2013 жылмен салыстырғанда екі есеге өсті, пара беретін адамдардың саны төрттен бірге қысқарды", -деді ол.

Жалпы, құжат жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін қарастырады.

Сондай-ақ, Қазақстанның этностары туралы авторлық мақалалар жарық көріп, әлеуметтік желілер мен телеарналарда, аудио-видео роликтер көрсетіледі.

Қайрат Жандыбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика