Ұлтаралық бірлік

ҚХА Қазақстанның этностар тарихы жобасын таныстырды (ФОТО)

Қазақстан халқы Ассамблеясы «ҚР-дағы Этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынасының тарихы» атты ғылыми жобасын таныстырды. Қазақстанның 17 этносына қатысты 17 кітап жарық көрді. Бұл туралы ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңестің төрағасы Айгүл Сәдуақасова ҚХА-ның кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы 25 Сәуір, 16:23

Ол айтып өткендей, жоба  «Тарих толқынындағы халық» мемлекеттік бағдарламасы аясында  ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты –  елдегі этникааралық, конфессияаралық тарихты, ірі этностардың  мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін зерттеу.

«Алғаш рет Қазақстанның  кейбір ірі этностары  бойынша тарихи-этнографиялық  мәліметтер   жүйелендірілді. Салт –дәстүр, әдет-ғұрып, діни көзқарастар бойынша материалдар жинақталды, сондай-ақ,  ірі этнос өкілдерінің ғылым, білім, әдебиет, өнер  саласындағы жетістіктері сарапталды», - деді ол.

Оның айтуынша, жоба аясында  Қазақстан аймақтарында  әлеуметтік, этнологиялық,  зерттеу жүргізілді. Қазақстанның ірі этностары туралы екі тілде монографиялық еңбектер әзірленді. Оның ішінде орыс, қырғыз, татар, поляк, корей, өзбек, ұйғыр, дүнген, татар, күрт, беларусь, шешен мен ингуш ұлттары бар.

«Аталмыш жұмыстың тәжірибелік  қорытындысы алынған материалдарды оқу үрдісінде, тарих пен салт-дәстүрді меңгерту арқылы патриоттықты қалыптастыруда  қолдану болып табылады», - деді А.Сәдуақасова.

Ол айтып өткендей, жобаны жүзеге асыруға ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі  мен сарапшылар қатысты. Жоба бойынша  сегіз доктор, 10 кандидат, 5 әлеуметтік магистр,  тарих, философия мен саяси ғылымдардың өкілдері  жұмыс істеді.

«Жүргізілген жұмыс  өте ауқымды. 17 кітап  17 этнос бойынша шығарылды. Болашақта  этностар тізімі толығады», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев   





Яндекс.Метрика