Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан арқылы Лондон-Иу бағыты бойынша алғашқы пойыз жүріп өтті

Лондон-Иу бағыты бойынша алғашқы контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы жүріп өтті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ.
Казахстан25 Сәуір , 18:49

Пойыздың бағыты Ла-Манш астындағы тунель,  Франция мен Бельгия, Германия, Польша, Беларусь, Ресей мен Қазақстан, одан ары Қытайға қарай жүріп өтеді. ТМД аумағы бойынша пойыздың операторы «KTZ Express» АҚ.

 «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Карл Гейссен хабарлағандай, Қазақстанның көліктік-логистикалық инфрақұрылымы жүк жөнелтушілерге  жеткізілім уақытын екі есе қысқартуға мүмкіндік беретін мультимодальдық тізбекті түзуге мүмкіндік беріп отыр.  Жүкті теңіз бойынша тасымалдау 36–38 күнді алады.

«Қытай мен Еуропа арасына жүріп отыратын пойыздар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтады, Қазақстан аумағы арқылы Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы құрлықтағы көлікті дамытуға септігін тигізеді», - деді ол. 




Яндекс.Метрика