АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Солтүстік Қазақстанда 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

2017 жылдың соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында 20 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған, бұл туралы аймақтық отырыста белгілі болды.
Солтүстік Қазақстан25 Сәуір , 20:43

2017 жылдың  1 қаңтарындағы жағдай бойынша  Солтүстік Қазақстан облысында  мал шаруашылығы  бойынша 129 кооператив құрылады, оның ішінде  23 кооператив сүт өнімдеріне бағытталған.

« Аталмыш бағытты  дамыту саласында  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жеке шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін  несиелеуге жеңілдіктер енгізіп жатыр. Биылғы жылы республика бойынша  қор 21 млрд теңге қарастырып отыр, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 2 млрд теңге қарастырылып отыр», - деп хабарлады аймақ әкімдігі.

2016 жылдың қарашасынан бастап  Солтүстік Қазақстан филиалы 287 мың  жеке шаруашылық пен  16 ауыл шаруашылығы кооперативін қаржыландырды. 




Яндекс.Метрика