100 табыс тарихы

Ермекхан Байсеитов – елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын насихаттау туралы айтқан болатын. Бүгінде түрлі аймақтардан, түрлі жастағы және түрлі үлт өкілдері азаматтарының жетістіктері осы бағдарламаның қаншалықты тиімді екенін көрсетіп отыр. Енді, «Strategy2050.kz» АА Қазақстан Республикасының кеден органында еліміздің егемендік алып қалыптаса бастаған сәтінен адал, әрі мүлтіксіз қызмет еткен азамат туралы айтып бермекші.
Жамбыл25 Сәуір , 16:57

Байсеитов Ермекхан Қазбекұлы Шу қаласының орта мектебін тәмәмдағаннан кейін Кеңес Әскеріне борышын өтеуге шақырылады.  Әскерде қызмет ету азаматтың болашақ мамандығын таңдауда шешуші роль атқарды. 1988 жылы әскери борышын өткеп келген ол Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісі технологиялық институтына оқуға түсті. Ал, оқу орнын 1993 жылы инженер-механик мамандығы бойынша тәмәмдады.

Жеке кәсіпорында 7 жыл жұмыс істеген азамат жас әрі қызықты кедендік қызметте өзін сынап көруді ұйғарады.

1999 жылдың сәуір айынан бастап ҚР кеден органындағы жұмысын  Е.Байсеитов «Қарахан» кеден бекетінің инспекторы ретінде бастайды.  Жұмысының алғашқы күнінен бастап ол өзін сауатты, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеті жоғары, өз ісін білетін, жауапты да,  білікті маман ретінде көрсете алды.

Кедендік бекеттегі жұмысы барысында Ермекхан өзінің білімін жетілдіруді ұйғарады. Осылайша Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетін зеңгер мамандығы бойынша тәмәмдайды.

Алған заңгерлік білімі мен жұмысындағы жетістіктері кеден бекетінің басшылығына Ермекханды «Қарахан» кеден бекетінің аға инспекторы қызметіне көтеруге мүмкіндік берді. Нәтижесінде Е.Байсеитовтың басшылық алдында да және әріптестері алдында да беделі артып қызметі өсіп отырады. Ол кеден органдарында түрлі қызметтерді атқарды және бүгінде табыс жұмыс істеуде.

Ермекханның отбасы үлкен, үш ұлы мен қызы бар. Үлкен ұлы жол полициясының офицері, екінші ұлы Бішкек қаласындағы Медицина академиясында білім алуда, ал кіші ұлы әкесінің жолын қуып,  бокспен айналысуда, жеткен жетістіктеріде аз емес. Ал, отбасының жалғыз гүлі кішкентай қызы үлкен тенниспен айналысады. Ол дүниежүзіне әйгілі Мария Шараповаға сияқты жетістіктерге жеткісі келеді. Ал, Ермекханның жұбайы ұстаздық етуде және үй шаруасын дөңгелетіп отыр.

Осы ретте, Ермекхан Байсеитов Қазақстандық қоғамның жаңғыруы барысында тәрбиеленген бүгінгі заманның жарқын үлгісі десек артық болмас. Ол Қазақстан халқы мен еліне адал қызмет етіп келе жатқан және Отан үшін қызмет етуде мамандықты дұрыс таңдай білген бірегей азамат.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика