Өңірлер

Астанада 1500-ден аса отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді

Ескі үйлер мәселесін шешу, апатты үйлерде тұратын азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Астанада апатты үйлерді бұзу бойынша жоба іске асырылуда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы25 Сәуір , 19:34

Жоба шарттарына сәйкес, қала әкімдігі апатты үйлердің тұрғындарын аудандары бойынша бірдей жаңа пәтерлерге көшіруді жүргізуде.

Елордалық Тұрғын үй басқармасының мәліметтеріне сәйкес, обасты құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелерінің тозу деңгейі жоғары, 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер бұзуға жатады.

2017 жылдың соңына дейін 228 апатты құрылысты бұзу жоспарланған, соның ішінде «Сарыарқа» ауданы бойынша – 129 үй, «Алматы» ауданында – 78, «Есіл» ауданында – 21 үй. Көшірілетін азаматтардың жалпы саны 3500-ден аса отбасыны құрайды.

Бүгінгі күні Астанада 1500 отбасы 117 апатты үйден жаңа пәтерлерге көшірілді. Қалған 11 апатты үйдің тұрғындары 2017 жылдың соғына дейін көшірілмек.




Яндекс.Метрика