Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Миллионға жуық астаналық бастапқы медициналық көмек алу үшін тіркелген

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні бастапқы медициналық-санитарлық көмек алуға тіркелген халықтың саны 964 520 адамды құрайды,деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы25 Сәуір , 14:32

2016 жылы 895 206 адам болған. Жалпы, қала бойынша жыл басынан бері амбулаториялық-емханалық көмек көрсету ұйымдарына 1 271 917 келу тіркелген.

Жалпы, 2017 жылдың есептік кезеңінде Астана қаласының амбулаториялық-емханалық ұйымдар бойынша бір тұрғынға келулердің орташа саны 1,29 құрады. Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі шеңберінле төсек-орын қоры – 2 174.

 Жергілікті бюджет шеңберінде қала бойынша 1 345 төсек-орын жұмыс істейді. Биылғы жылдың қаңтар-наурызында жергілікті бюджет бойынша инфекциялық, туберкулезге қарсы аурулар, наркологиялық және психикалық ауытқулар бойынша 7 573 пациентке қызмет көрсетілді.

Сонымен бірге, республикалық бюджет шеңберінде Астана қаласы бойынша 1 929 төсек-орын жұмыс істейді.

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізілімін бекіту туралы» № 2136 қаулысына

сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі ҚР азаматтарына және оралмандарға бюджет қаржысы есебінен көрсетіледі және оған профилактикалық, диагностикалық, емдеу медициналық қызметтері көрсетіледі.

Тегін медициналық көмек қызметтеріне жататындар: жедел медициналық көмек, санитарлық авиация және амбулаториялық-емханалық көмек.

Үстіміздегі жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша, елорда аумағында Денсаулық сақтау басқармасына қарасты 36 медициналық ұйым жұмыс істейді, соның ішінде 7 стационар, 3 перинаталдық орталық, 1 диспансер, 3 орталық, амбулаториялық-емханалық буындағы 16 ұйым, соның 12-сі – қалалық емхана, 1 БМСК орталығы («Демеу»), 3 ОДО, ЖҚТБ орталығы және 1-ші қалалық жедел жәрдем станциясы.

Бұған қоса, қала халқына республикалық маңыздағы 9 аурухана, 16 жеке меншік медициналық ұйым қызмет көрсетеді, бұлар тәулік бойғы және күндізгі стационар шеңберінде қызмет көрсетіп отыр.




Яндекс.Метрика