Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қарағанды облысында 13 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды

Қарағанды облысында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық акциясы аясында 13 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды,деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды25 Сәуір , 19:58

Акцияға  аймақтың 215 988 тұрғыны, меншік нысанының барлық нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерден, жоғары және орта оқу орындарынан 8707 ұжым қатысты. 

Жалпы алғанда, акцияға қатысушылар 15 535 гектар жерді жинап, қоқыстан тазартты. Рұқсат етілмеген жерлердегі 298 қоқыс үйіндісі жойылды, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 95 контейнер орнатылды. Тиісті жұмыстарға 711 арнайы машина тартылды. 

Сонымен қатар, сенбілік барысында 13487 түп ағаш пен бұта отырғызылды. Мысалы, қарағандылық Жеңіске 60 жыл саябағында 50 қарағай мен 30 жапырақты ағаш егілді.

 




Яндекс.Метрика