EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне Маңғыстау облысынан 1750 бала келеді

Жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған жанұялардың 1750 баласы Маңғыстау облысының атынан ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалайды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов аппараттық кеңес барысында мәлімдеді.
Маңғыстау25 Сәуір , 13:48

Әкім орынбасарының айтуынша,  бүгінгі таңда  облыстың  19 кәсіпорны  компания есебінен көрмеге қатысатындығын айтты. Бұл  7490 адам болса, оның  2000 бала.

«Жергілікті бюджет есебінен   аз қамтылған жанұялардың 1750  баласы Маңғыстау облысының атынан ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалайды. Сондай-ақ,  40 білім беру, 378 мәдениет  саласының өкілі  мен 100 ерікті қатысады», - деді ол.

Жыл басынан бері  Туристік фирмалар  13 850 билет сатып алған,  оның ішінде  17-21 сәуір аралығында  1850 билет сатылған. 




Яндекс.Метрика