Үкімет

Үкіметте дертті алдын ала анықтайтын жаңа технологиялар туралы баяндады

Медицина саласындағы жаңа әзірлемелер туралы Профилактикалық медицина академиясының Президенті, ғалым, халықаралық денсаулық сақтау жөніндегі маман Алмас Шарман Үкімет отырысында айтып берді.
Астана қаласы25 Сәуір , 11:39

«Мемлекет  технологиялық әзірлемелерге  инвестиция құю арқылы  үлкен рөлге ие болар еді.  Бір ай бұрын бізге Алматы қаласының кроссфит және фитнес клубтары жүгінді, олар біздің дұрыс тамақтану мен бір күндік тамақтану рационын  дайындап беруімізді сұрады», - деді А.Шарман.

Профилактикалық медицина академиясының  басшысы айтып өткендей,  олар  бұл әзірлемені  бастап, ҚР БҒМ-ға грантқа тапсырып қойған.

«Аталмыш әзірлемелер өте үлкен рөлге ие.  Мәселен, IBM Watson сирек дерттерді анықтаса, Google flu trends  2 жыл  бұрын технологияны әзірлеп,  грипп эпидемиясын  10 күн бұрын  анықтайтын әдісті тапты. Аталмыш технологияны  Google Колумбия университетіне  тапсырды.  Қазір онымен белсенді қолдануға болады. Бұл тақырып өте маңызды, сондықтан  қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру керек», - деді спикер.

Айта кетейік, Үкімет отырысында министр Е.Біртанов  қоғамдық денсаулық сақтау  қызметінің моделімен таныстырды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика