Халықаралық интеграция

Қазақстан елшісі АҚШ Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыханов Президент Дональд Трампқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 25 Сәуір, 12:34

Ақ үйдегі әңгімелесу барысында Е.Қазыханов  АҚШ Президентіне  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ізгі тілек-ниеттерді жеткізді.

Кездесу аясында Қазақстан елшісі айтып өткендей, екі ел арасындағы стратегиялық  серіктестік  басты бағыттар бойынша нығаюда, оның ішінде саяси, сауда-экономика, инвестиция,  құқық және мәдени-гуманитарлық салалар бар.

Өз кезегінде, Дональд Трамп Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жоғары бағалап, елдің халықаралық  және өңірлік  қауіпсіздік саласына қосқан үлесін атап өтті.  АҚШ Президенті  қазақстандық-американдық  қарым-қатынастың  кеңеюіне  қызығушылық танытып,  Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне  қолдау білдірді. 





Яндекс.Метрика