ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР-да ипотекалық борыш тәртібін тиімді ету ұсынылды

Эксклюзив
Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ жөніндегі комитеті халыққа ипотеканы ұсыну құнын арзандатуды 7 пайыздық сыйақыға дейін жеткізу арқылы жүзеге асыруды Strategy2050.kz. АА-ның ресми сауалына жазған жауабында ұсынды.
Астана қаласы25 Сәуір , 15:21

Ипотекалық несиелеу нарығын жандандыру мақсатында  7 пайыз көлемінде ипотекалық несие  бойынша субсидия беру  қарастырылуда,  ол  ЕДБ несиесі бойынша  10 жылда  17  пайыз жылдық көрсеткішке ие болуы керек.

 «2017 жылдың  республикалық бюджетінде  10 млрд теңге қарастырылған,  ол ипотекалық қарызды  120 млрд теңгеге дейін беруді көздейді», - деп хабарлады комитетте.

Субсидиялар бойынша  қаражатты тиімді  қолдану үшін Астана мен Алматы қалаларын несиелендірудің  өтпелі сомасы бекітіледі, ол  20 млн теңге, ал өңірлерде  15 млн теңгені құрайды.

«Осылайша, алынатын тұрғын  үй  алаңы  70 шаршы метрді құрайды, оның құны Астана мен Алматы қалаларында  300 мың теңгені құраса, өңірлерде  220 мың теңге/шаршы метрге тең болады. Несие бойынша  айлық төлем Астана мен Алматы қаласында  158 мың теңгені,  өзге мемлекеттерде  116 мың теңгені құрайды», - деп хабарлады ведомствода.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика