ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР ИДМ-де Қазақстандағы құрылыс саласының дамуы туралы баяндады

Эксклюзив
ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қалаларға шоғырлану Қазақстанның бар аймақтарын тұрақты дамытудың маңызды саласы екенін айтылған. Қалалар мен агломерациялардың өсімі жұмыс күші мен әртүрлі қызметке сұраныс тудырады. Қазақстандағы құрылыс саласының дамуы туралы Strategy2050.kz. АА ресми сауалына ҚР ИДМ Құрылыс және ТКШ жөніндегі комитеті жауап берді.
Астана қаласы25 Сәуір , 10:36

Қалаларға шоғырлануды қолжетімді  баспана мен көліктік инфрақұрылымсыз   жүзеге асыру мүмкін емес.  Елбасы айтып өткендей, жұмыс орындарын құру  әлеуеті шексіз.

Бұл орайда  құрылыс экономиканың үздік саласы  болып отыр. Құрылыс жұмыстарының  физикалық индекс көлемі  2016 жылдың қорытындысы бойынша 7,9%-ды  құрады,  биылғы жылдың бірінші тоқсанында  өсім көлемі  7,1 пайызды құрады.

«Тұрғын үй саласының инвестициясы  2015 жылғы  740 млрд теңгеден   2016 жылы  830 млрд теңгеге жетті, биылғы жылдың  бірінші тоқсанында  174 млрд теңгені құрады.  Республиканың  тұрғын үй қоры  2016 жылдың қорытындысы бойынша  10,5 млн шаршы метрге өсіп, 90 мың тұрғын үйді құрады.  Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 3,1 млн шаршы метр немесе  25 мың тұрғын үй, ол 2016 жылдың қорытындысын  25,3 пайызға көбейтеді.  Тұрғын үй қарқынының өсімі  15 өңірде байқалып отыр, сондықтан еңбек нарығында  құрылыс жұмыстары сұранысқа ие», - делінген  хабарламада.

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол»  мемлекеттік  инфрақұрылымды  дамыту  бағдарламасын жүзеге асыру аясында   тұрғын үй инфрақұрылымын  нығайтуды  ҚР Ұлттық  қорының  қаржысына  жүзеге асыру бойынша  2015 жылдан бастап  тұрғын үй құрылысының жұмыстары жүргізілуде.

«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ  желісі бойынша  пайдалануға  753 мың шаршы метр  жалға беру тұрғын үйі сатып алу құқығы  бойынша берілді. Қорытындысында,  13227 отбасы  өзінің баспаналық жағдайын жақсартты.  Екі жыл ішінде  27 мың жұмыс орны ашылды.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша  691 мың шаршы метр  кредиттік және жалдамалық  тұрғын үй бойынша  құрылыс-монтаждық жұмыстар  жүргізілуде, оның ішінде  2036 пәтері  пайдалануға берілді. 10 мың жұмыс орны құрылды.

ЖАО желісі бойынша  несиелік пәтерлерге  құрылыс-монтаждық жұмыстар  541,5 мың шаршы метр   үй немесе  8962 пәтерге  жүргізілді. 6 мың жұмыс орны құрылды.

«2017 жылдан бастап   тұрғын үй  құрылысы «Нұрлы жол»  құрылыс  бағдарламасына ықпалдастырылды», - деп хабарлады комитетте.

Жалпы, бағдарлама 2017 жылдан  2031 жылға дейін  15 жыл бойы жүзеге асырылады.  Осыған орай, 1,5 млн  отбасы үшін баспана салу  жоспарланған, оның ішінде  600 мың жеке үй  мен 972 пәтер бар, ал мемлекеттік инвестиция  есебінен  366 мың пәтер -45 мың жалдамалы  және  285 мың несиелік пәтер салынбақ.

Бұл тұрғын үй  қорын  18 пайызға өсіріп, 2015 жылмен салыстырғанда халықты екі пунктке көп баспанмен қамтиды. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика