ҚР Президентінің Жолдауы

«Нұрлы жер»: Мемлекет инфрақұрылымдарды тартуды толығымен қамтамасыз етеді

Эксклюзив
Мемлекет «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында инфрақұрылымда тартуды толығымен қамтамасыз етеді және ол үшін жыл сайын 80 млрд теңге бөлінетін болады, деп жауап берді ҚР ИДМ құрылыс істері және ТКШ комитеті «Strategy2050.kz» АА ресми сауалына.
Астана қаласы25 Сәуір , 09:52

Белгілі болғандай, 2016 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бірыңғай мемлекеттік құрылыс бағдарламасы жасақталды, оның аясында 15  жыл ішінде 1,5 млн пәтер салынады, оның ішінде 100 мың пәтер ағымдағы жылы бой көтереді.

«Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі бағыты жеке тұрғын үй құрылысына қолдау көрсету болып табылады.

Азаматтарға жеке тұрғын үйдің құрылысы үшін барлық инфрақұрылымы тартылған жер учаскелері берілетін болады.

Мемлекет инфрақұрылымдарды тартылуын толығымен қамтамасыз ететін болады. Осы мақсатта жыл сайын 80 млрд теңге бөлінеді, оның 50 млрд теңгесі көппәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тартуға бағытталса, 30 млрд теңгесі жеке тұрғын үйдің құрылысы үшін бөлінеді.

Ақпарат бойынша, аталған шаралар бізге жыл сайын шамамен 40 мың жеке тұрғын үйді салуға (4 млн шаршы метр) мүмкіндік береді.

Сонымен, аймақтарда ЖТҚ дамыту мақсатта жаңа пилоттық тәсілді пайдаланып көру көзделген, онда мына жағдайлар қарастырылған:

- Бір салушы арқылы барлық жеке тұрғын үйлерді бір сәулет үлгісінде салу;

- Үй құрылысы комбинатының технологиясын пайдалана отырып үй бағасының қолжетімділігін арттыру;

-Кезекте тұрғындар үшін ЖТҚ  Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен жеңілдетілген займ беру арқылы қаржыландыру.

«ҮҚК технологиясын пайдалану 1 шаршы метрі 120 мың теңгеден қымбат емес  тұрғын үйді салуға, құрылыс саласындағы қазақстандық қамту үлесін 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді және өндіріс саласындағы құрылыс материалдарының өндірісін арттырады.  Бүгінде Қазақстанда жобалық жылдық қуаттылығы 1,4 млн  шаршы метр 17 ҮҚК жұмыс істейді», - делінген сауалға берілген жауапта.

Осылайша, пилоттық жобаға қатысушы кезекте тұрғандар ИКИ тартылған, дайын үйді жер учаскесімен бірге сатып ала алады немесе оны сатып алуға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие ала алады.

Соңғы несие заемшы үшін пайыздық үстемақыны 5%-ға дейін төмендету үшін мемлекет 7%-ға дейін субсидия беруді жоспарлап отыр («ҚИК»ИҰ»АҚ – қаржы агенті арқылы).

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика