EXPO-2017

Астанада Ла Скала театры қойылымдарының билеті сатылымға шықты

Астанада Ла Скала театрының қойылымдарының билеті сатылымға шықты, деді ОКҚ брифингінде «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.
Астана қаласы24 Сәуір , 19:07

1, 4, 6, 8 қыркүйекте ұжымымыз «Астана Опера» сахнасында Джузеппе Вердидің жарқын әрі күлкілі операсы «Фальстафты» ұсынады, ал 7 және 9 қыркүйекте Людвиг ван Бетховеннің жауһар туындысы - ғаламат №9 симфониясы заманымыздың көрнекті маэстросы Зубин Метаның жетекшілігімен орындалады.

Дж. Вердидің «Фальстаф» операсының негізіне У. Шекспирдің шығармасы – «Виндзорлық сотқарлар» комедиясы және «IV Генрих» тарихи хроникасынан алынған көріністер алынған.

Атап өтсек, гастрольге шыққан әртістер 2015 жылы бүкіләлемдік «ЭКСПО» көрмесі өткен Миланнан Астанаға «эстафетасын тапсырды» десек те болады.

 




Яндекс.Метрика