EXPO-2017

Астанада 1 мамырдан бастап Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы жұмыс істейді

Астанада 1 мамырдан бастап Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы жұмыс істейді, деді ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов.
Астана қаласы25 Сәуір , 09:23

ІІМ өзге де құқық қорғау органдары, арнайы қызметтер, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігімен бірге ЭКСПО көрмесіне әзірлік және оны өткізу кезінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

«Көрме ашылмастан бір ай бұрын ұйымдастырушы кеңсе ғимаратында Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы өз жұмысын бастайды, бұл орталықпен ІІМ-де құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы тығыз байланыс жасап, көрме барысында туындаған мәселелерді тікелей шешіп отыратын болады», - деді Т.Мұсақанов.

Айта кетейік,  қоғамдық тәртіпті күзетуге жалпы 5 мыңнан астам қызметкер тартылады, Соның ішінде 3300-і әскери қызметкер, ІІМ оқу орындарының 500 курсанты және офицері, сонымен бірге жеке күзет ұйымдарының 630 қызметкері және шет тілін еркін меңгерген еліміздегі ЖОО-ның 174 студенті бар.

 

 

 




Яндекс.Метрика