Парламент

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға артады

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өсімдік және жануарлар әлемі мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы аясында орман шаруашылығына кадр тарту мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға артады. Бұл туралы Орман шаруашылығы жне жануарлар әлемі комитеті басқармасының жетекшісі Нариман Жүнісов ведомстводағы брифингте мәлімдеді.
Астана қаласы 24 Сәуір, 19:23

Н.Жүнісов айтып өткендей, аталмыш заң жобасы қарастыратын  негізгі бағыттар – ауыл шаруашылығы, жануарлар әлемі мен ерекше қорғауды қажет ететін аймақтар.

«Заң жобасы Үкіметтің құзыретін  жойылу қаупі бар өсімдіктерді  алуға кеңейтті», - деді Н.Жүнісов.

Ол айтып өкендей, заң жобасы заңсыз ағаштарды кесу, мемлекеттік оран қоры аймағында ағаш кесінділерін сақтау сынды бағыттарды қарастырады.

«Орман шаруашылығына  кадр тарту мақсатында  2019 жылдың  1 қаңтарынан  бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің  еңбекақысы  25 пайызға артады. Ескерілмеген ағашты айналымға енгізу  арқылы орман қорына жіберу қарастырылған. ҚР аумағында сексеуіл  ағашын дайындауға тыйым салынады», - деді Н.Жүнісов.

Сарапшы айтып өткендей, балық аулауды дамыту мақсатында табиғи су арналарын  өзен-сауда жолына көшіру қарастырылған.

Сонымен қатар, заң жобасымен сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдауы және оларды алып қою мөлшерін бекіту бұрын болмаған мөлшерде шешім қабылдауға Үкімет құзыретіне нормамен толықтырулар енгізілді.

Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залал мен мөлшерді есепке алу және анықталуын міндетті түрде есепке алу бойынша нормалар анықталуда. Бұл норма орман шаруашылығы қызметкерлері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға табиғат заңнамаларының бұзылуында жедел әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында тауарлық балық шаруашылығын дамыту үшін кәсіпкерлік бастамаларды қолдау қарастырылды.

Бекіре, албырт және тұқы балықтарын өсіруге кеткен жем шығынының 30 %-н өтеу қарастырылуда.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика