Парламент

«Нұрлы жер» туралы депутат: Бөлініп отырған қыруар қаржы тиімді жұмсалу керек

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және «Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру шаралары туралы» қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Астана қаласы24 Сәуір , 17:23

Келелі отырыста «Нұрлы жер» бағдарламасының бүгінгі жағдайы туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Василий Олейник айтып берді.

«Статистикаға сәйкес барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 826 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы бұл қаржы игеріліп 105 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл 90 мың пәтер, оның ішінде 35 мыңнан астамы жекеменшік жеке құрылыс болып табылады. Айта кетерлік жайт, қолжетімділіктті артыру мақсатында елімізде бірінші қаңтардан бастып «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды», – деп атап өтті депутат.

Белгілі болғандай бұл бағдарлама 5 жылға есептелген.

«Аталмыш бағдарламаның басты және негізгі міндеті жеке тұрғын үй құрылысын дамыту және жалғастыру. Екіншіден, ипотекалық несие беруді дамыту. Ипотека төмендейтін болады. Бұл бағдарламаға сәйкес Астана мен Алматы қалаларында тұрғын үй құрылысына 20 млн теңгеге дейін, аймақтарда 15 млн теңгеге дейін қаржы несиеге берілетін болады. Аз қамтылған, әлеуметтік осал топтар үшін сатып алу құқысыз тұрғын үйлер құрылысы жалғасады», – деді депутат.

Сонымен қатар несиелік тұрғын үйлердің құрылысы жалғасатын болады.

«Өздеріңіз білетіндей Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тұрғын үй құрылысына қаржы бөлінетін болады, Астана мен Алматы қалаларында 1 шаршы метрі үшін 180 мың теңгеден, аймақтарда сәйкесінше 140 мың теңгеден есептелінген. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру үшін барлық қаржы көздерінен 426 млрд теңгеден астам ақша бөлінді. Бұл бағдарлама жүзеге асырылатын кезеңде барлығы 10 млн шаршы тұрғын үй пайдаланылуға берілетін болады», – деп толықтырды ол.

Депутаттардың айтуынша бағдарламаны жүзеге асыру жауапкершілігі ҚР Инвестициялар мен даму министрлігіне жүктелген.

«Бұдан басқа, бағдарламаның орындалу барысын «Нұр Отан» партиясы жанындағы комиссия да қадағылайтын болады.  Бастысы Ұлттық қордан бөлінген қаржы тиімді жұмсалуы тиіс», – деп түйді В. Олейник.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика