Инновациялар

Қарағандыда «RoboLand Қазақстан» бірегей полигоны жасақталды

Қарағандыда робототехникадан RoboLand халықаралық фестивалі үшінші рет өткізілді.
Қарағанды24 Сәуір , 19:54

Биыл шараға қатысушылар 24 номинация бойынша сайысқа түсті, оның жартысы бағдарламаға алғаш рет енгізіліп отыр. 

2015 жылы 70 адам қатысса, екінші фестивальге 70-тен астам оқу орны мен робототехника клубы өз командаларын ұсынды, олар 14 номинацияда шеберлік байқасты.

2017 жылғы шарада 400-ге жуық команда, жалпы алғанда 800-ден аса бала бас қосты. 
Жарыс жаңа бастаған және әуесқой роботехниктер арасында өтті. Бағдарламаға лабиринттер, механикалық және интеллектуалды сумо жарыстары, кегельринг пен роботтарға арналған футбол, 3-D прототиптеу, квадрокоптерлерді басқару және т.б. енгізілді. Қаазылар алқасының төрағасы WRO халықаралық дәрежесіндегі төреші, Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінің оқытушысы Александр Капитонов.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, фестивальдің ашылуына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. Ведомство басшысы Қарағанды облысында робототехниканың дамуына оң баға берді. Оның айтуынша, болашақта бұл пән мектеп бағдарламасында қосымша сабақтан міндеттіге айналуы мүмкін. Бұл мәселе министрлікте пысықталуда.

«Робототехниканы енгізу – біздің міндетіміз. Өзге елдерден артта қалуға болмайды. 2016 жылы жергілікті бюджеттің қаржыландыруының және демеушілік қолдаудың арқасында 400 жиынтық сатып алынды. 20 мың бала қосымша сабақпен қамтылды. Биыл оқушылар саны екі есе ұлғайтылмақ», - деді Ерлан Сағадиев журналистерге берген сұхбатында.
Қарағандылықтар фестиваль үшін еліміздің каратсына ұқсас бірегей RoboLand Қазақстан полигонын жасады. Ауданы 15х12 метр жерде су роботтарының жарысын, 3D-прототиптеу, боттарды бағдарламалау сайыстарын өткізуге, виртуалды әлем құруға болады. 

«Алты жарыс орны ашылды, онда облыстар, Астана қаласы белгіленді. Әр деңгейдің өз қиындығы бар. Мысалы, мына жерде шахталар. Қызыл, сары және көк квадрат – бұл стильдендірілген көмір, қоңыр кен және алтын. Робот белгілі бір пайдалы қазбаларды таңдап, оны вагондарға тиеуі керек. Мынау – Шығыс Қазақстан облысы. Роботтың міндеті – көпірдің үстімен және таумен көтеріліп, қиын жолды бағындыру. Байқоңыр, мұнда робот зымыранды жинап, оның ұшырылуын бейнемен көрсетуі керек», - деді Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының басшысы Елена Вафина жарыс полигонындағы экскурсия барысында.

Полигонды жасауға жарты жылдан астам уақыт қажет болды. Техникалық ЖОО-лардың консультант-оқытушыларынан құрылған үлкен команда еңбек етті. Алдағы уақыытта жарыс орындарыының саны арта түспек. Егер лайықты стационарлық орыын табылса, полигонды ұдайы жаттығу базасы ретінде пайдалануға болады. 


 

Информатика мен робототехника оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламалары фестивальді дамытуға ықпал етеді, дейді ұйымдастырушылар. Шараның басты мақсаты – робототехникаға қызығушылықты тудыру.

Осы мақссатта жаттықтырушылар семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізеді. Балалар арасында «Мен және менің роботым» тақырыбында сурет және бұйымдар жарысы өткізілді. Дәстүр бойынша фестиваль алаңында робототехникалық өнімдер көрмесі өтіп жатыр. Үстіміздегі жылы залда жүрген меканоид робот балалармен ойнады.

 

 




Яндекс.Метрика