Адами капитал

Әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде – министр

ҚР Қорғаныс министрлігі тұрғын үй мәселесін шешу үшін жаңа әдіс жасақтады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Қарулы күштер қызметі бойынша үкіметтік сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов хабарлады.
Астана қаласы24 Сәуір , 14:32

«Менің оймыша жаңа ережелер тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешетін болады. Әскери қызметкерлерге ақшалай үлес соңғы рет 2011 жылы жүргізілген болатын және ол кезең кезеңімен көтерілетін болады. Бұл туралы Жоғары басқолбасшыға жеткізілген болатын, ол өз кезегінде бұл мәселені барынша қолдайтынын жеткізді», - деді С.Жасұзақов.

Министрдің хабарлауынша, бүгінде Үкіметпен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.

«Түсініктік бар, есептеулерді жібердік, бұл мәселе өз шешімін табады деген ойдамыз», - деп ағынан жарылды ол.

Сонымен қатар Қазақстанның Қарулы күштері ЖІӨ-нің кем дегенде 1 пайызын алатын болады.

 «Қорғаныс министрлігі жыл сайын Доктринаға сәйкес ЖІӨ-нің бір пайызы шамасында қаржыландырылуы керек. Шын мәнінде 2016 жылға дейін 0,95-0,96-0,98 шамасында қаржыландырылып келдік. Жалпы бұл біздің көңілімізден шығып отырды және біз біршама міндеттерді орындадық. Алайда, мен Жоғары басқолбасшыға жеткізгендей бізге 2018-2020 жылдарға 0,73-тен  0,62 пайызға дейін шектеу қойылды», - деп толықтырды ведомство басшысы.

Министр түсіндіріп кеткендей, мұндай қаржыландыру жаңа қару жарақ пен техниканы толық көлемде алмауға және әскерилердің дайындығы төмендеуіне әкеліп соғар еді.

«Сондықтанда мен Мемлекет басшысына бұл жағдайды жеткізіп, оның қолдауына ие болдым. Енді бізге кем дегенде ЖІӨ-нің кем дегенде 1 пайызы бөлінетін болады», - деді спикер. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қарулы күштер қызметі бойынша үкіметтік сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов әуе қорғаныс күштерін жабдықтау үшін 4++ заманауи зымырандар,  СИ-295 әскери-көліктік ұшақтар келіп түскенін хабарлады.

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика