Мәдениетті жаңғырту

Қазақстандық балалар ақысыз негізде шөген ойнауға үйретіледі (ФОТО)

Қазақстан шөген Федерациясы Балалар шөген академиясына 9 бен 16 жас аралығындағы ұл және қыз балаларды ақысыз негізде қабылдауды бастады.
Алматы24 Сәуір , 15:21

Федерациядан хабарлағандай, Алматы облысы, Талғар ауданы, «Ақбұлақ» ССК-нің ат спорты кешенінде орналасқан Балалар шөген академиясында «Ашық есік күні» өтті.

Келушілер шөген тарихымен және ойын ережелерімен танысты. Сондай-ақ балаларға ойындар көрсетіліп, экскурсия жүргізілді.

Қазақстан шөген федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек Балалар шөген академиясында атқа міну мен шөген ойнау тегін үйретілетінін айтты.

«Сонымен қатар, Балалар шөген академиясы Халықаралық турнирлердің жеңімпаздарынан дәріс алуға, өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді», - деді Сәрсен Құранбек.

«Ашық есік күніне» қатысқан 30 дан астам ата-ана балаларын шөген мектебіне тіркеу мақсатында арнайы сауалнама толтырды. Академияға балалар қабылдау жұмыстары жалғасуда.




Яндекс.Метрика