Адами капитал

2017 жылы Қорғаныс министрлігі әскери дайындық бойынша 3 байқау өткізеді (ФОТО)

Биыл Қорғаныс министрлігі үш байқау өткізуді жоспарлап отыр: Мергендік рубеж, Артиллериялық оқ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарының есебі. Бұл туралы ведомство басшысы Сәкен Жасұзақов Мәжілістегі үкіметтік сағат барысында айтты.
Астана қаласы 24 Сәуір, 12:34

Сәкен Жасұзақов айтып өткендей, Қазақстан жауынгерлерінің әскери дайындықтары жоғары  деңгейде екендігі әскери жарыс, халықаралық ойындар мен тактикалық оқу-жаттығуларда байқалады.

«Өткен жылы 2016 жылғы әскери ойындар  аясында  біздің командалар  Артиллериялық оқ, Мергендік рубеж сайыстарында бірінші орын алды. Жалпы есепте  19 қатысушы елдің ішінде Қазақстан құрамы  жүлделі екінші орынды иеленді», - деді ведомство басшысы.

Қазіргі таңда  министрлік  аталмыш үш байқауды өткізуге дайындалып жатыр.

«Бөлімшелердің әскери дайындығы  бейбіт кезде  жоспарлы оқу-жаттығулар кезінде тексеріледі. Сондай-ақ, жоспарсыз полигонға шығып,  оқу-жаттығу талаптарын орындау арқылы  да тексеруге болады. Кенеттен   тексеріс  соңғы рет  Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасымен бекітілген жоспар  бойынша өткізілген болатын», - деді С.Жасұзақов.

Үкіметтік отырыста  Қорғаныс министрлігі  ҚР Қарулы Күштерінің  арнайы көрмесін өткізген болатын.

Айта кетейік, бүгінде ҚР Қарулы күштерін қарулы әскери техникамен жабдықтау 92% құрап отыр. Сонымен қатар барлық қарулы күштерге жаңа техникалар келіп түсуде.

Жоғары әскери дайындық пен қауіпсіздікті  қажетті деңгейде ұстап тұру,  құрылыс пен әскери күштерді дамытудың кепілі  әскерилерді  жаңғыртылған әскери техникамен қамту,  сондай-ақ, жоғары білікті  мамандармен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Ақбота Күзекбай

Фото: автор





Яндекс.Метрика