Адами капитал

Әуе қорғаныс күштерін жабдықтау үшін жаңа зымырандар мен ұшақтар алынды

Бүгінде ҚР Қарулы күштерін қарулы әскери техникамен жабдықтау 92% құрап отыр. Сонымен қатар барлық қарулы күштерге жаңа техникалар келіп түсуде, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ҚР Парламенті Мәжілісінің Қарулы күштер қызметі бойынша үкіметтік сағатында.
Астана қаласы24 Сәуір , 12:11

«Әуе қорғаныс күштерін жабдықтау үшін 4++ заманауи зымырандар,  СИ-295 әскери-көліктік ұшақтар келіп түсті. Біз ағымдағы жылы екі топтаманы алып жатырмыз, осылайша әскери көліктік авиацияны жабдықтауды толығымен аяқтаймыз. Әскери авиацияға шабуылдау тікұшағы мен Ми-35 жауынгерлік тікұшақтар келіп түсуде. Бұгінде төртеуін қабылдап үлгердік, тағы төртеуі келеді деп күтіп отырмыз. Бұл жұмысты 2020 жылға дейін аяқтаймыз деп отырмыз», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, тек майдан авиациясының мәселесі шешілмей отар.

«МиГ-27, МиГ-23, МиГ-29 шығарылып жатыр және Су-30 ұшағының екеуі келіп түседі деп жоспарланған. Жоғары бас қолбасшыға бұл ұшақтарға деген қажеттіліктің жоғары екені және жыл сайын төртеуін қабылдап отырсақ дұрыс болатыны жеткізілген. Біздің бұл ұсыныс өз қолдауын тапты», - деп атап өтті С. Жасұзақов.

Министірліктің мәліметі бойныша петропавлдық радиостанция зауытының арқасында  тактикалық топ заманауи радиостанциялармен 90%-ға қамтылған.

«Біз барлық тікұшақ экипажын түнде көру құрылғысымен жабдықтадық, енді біздің тікұшақтар түсңгі уақытта да ұша алады. Сонымен қатар, тұрақты дайындықтың байланыстырғыш желілерінің 82%-ы түнде көретін құрылғылармен жабдықталған. Осылайша олар кез келген уақытта бір қалыпты жұмыс істей алады», - деді спикер.

Маневрлік мүмкіндіктерді арттыру мақсатында біздің ірі тралдарымыз жетерлік. Министр атап өткендей, маневрді үлкен қашықтықта орындау мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, министр жыл сайынғы әскери шақыртылулар туралы айтып берді. Бүгінде Қазақстанда жедел әскери қызметке 2 мыңнан астам азамат шақыртылады.

Ақбота Күзекбай  




Яндекс.Метрика