Білім беру

Украина қазақстандықтарға тегін оқуға 40 орын ұсынады

Украина Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына оқу үшін 40 тегін орын ұсынуда, деп хабарлады Халықаралық бағдарламалар орталығы.
Казахстан24 Сәуір , 16:13

2010 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украина Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес украин тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарының Украинаның жоғары оқу орындарында техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқуы үшін 40 орынды ұсынды.

Атап айтсақ, 30 орын бакалавриат бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин азаматтар үшін, 10 орын магистратура бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин Қазақстан азаматтары үшін.

Оқушылар стипендиясы 9000 теңге  шамасында  қарастырылған.

Білім туралы құжаттың орташа балы: «бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлер үшін– орта білім туралы аттестат балы кемінде 5,0-ден 4,5; «магистратура» бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломы балы кемінде 5,0-ден 4,10 немесе4.0-ден 3.0 GPA. Үміткер оқуын бітірмеген жағдайда, ағымдағы үлгерімнің орташа балы жоғарыда көрсетілген баллдарға сәйкесінше сай болуы керек.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 1 мамыр.




Яндекс.Метрика