Адами капитал

Қорғаныс министрлігі жыл сайын жедел қызметке шақырылушылар санын арттыруда

Жыл сайын ҚР Қорғаныс министрлігінің шақыртуы көбейіп келеді. Бүгінде Қазақстан бойынша 2000-нан астам азамат жедел әскери шызметке шақыртылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Қарулы күштер қызметі бойынша үкіметтік сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов хабарлады.
Астана қаласы24 Сәуір , 11:17

Ведомство басшысы жедел қызметке азаматтарды не себепті көптеп шақыртылмайтынын түсіндірді.   

«Біз ақырындап көбейтіп жатырмыз, бірден 3000-5000 мың азаматты жедел әскери қызметке шақырта алмаймыз, себебі жатын орынмен қамтамасыз ету, асханалардың мүмкіндігі мен жауынгерлерді дайындау бағдарламасын ескеріп отырмыз. Сонымен қатар өсіп келе жатқан қатерге дайындық пен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауынгерлік кезекшілік  ұйымдастырылды», - деді С. Жасұзақов.

Министрдің айтуынша, жалпы қарулы күштерді жабдықтау 93% көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 89%-ға тең болған.  

«Бүгінде барлық офицерлерді, сержанттар  мен қатардағы жауынгерлер құрамын келісім шарт бойынша шақыртамыз. Бұл шамамен 82% өз істерінің кәсіпқой мамандары. Бүгінде келісім шарт бойынша әскери қызметкерлер мен қатардағы жауынгерлер құрамының қатынасы сәйкесінше  71/22%  құрады. Біз жыл сайын жедел әскери қызметке шақыртуларды арттырып келеміз және болашақта келісім шарт бойныша әскери қызметтің жедел қызметке қатынасы сәйкесінше 70/30% құрайды деген ойдамыз», - деді С.Жасұзақов.  

Жедел әскери қызметке шақыру жасақ жинау ресурстары мен патриоттық тәрбиелеу мәселелерін шешуде.

Айта кетерлік жайт ағымдағы жылы ҚР Президенті құрған қарулы күштер өздерінің 25-жылдығын атап өтеді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика