Адами капитал

ҚР Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі аяқталды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында бақылау тексерістің қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 24 Сәуір, 11:54

Тексеріс қысқы кезеңнің қорытындысы бойынша әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігінің деңгейін айқындау мақсатында өткізілді. Бақылау тексерісі жеке құрамның машығын, жауынгерлік даярлықтың шынайы деңгейі мен взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдер батальондары басқармаларының үйлесімділік деңгейін, сондай-ақ жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуы сапасын анықтауға бағытталды.

2000-нан аса бөлімше тексерілді (оның ішінде, 1500-ден аса взвод, 500-ге жуық рота мен батарея, 150-ге тарта батальон, дивизион басқармасы). Жеке құрамның оқытылу деңгейі негізгі оқыту пәндері (тактикалық, тактикалық-арнайы атыс, дене, саптық даярлық, жарғы,  МҚҚ) бойынша тексерілді. Сондай-ақ тексеріс шеңберінде взводтардың шамамен 1500 жауынгерлік оқ атуы, роталық-тактикалық топтардың тактикалық оқу-жаттығулары, тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар және бақылау-кешенді сабақтар өткізілді.

Өткізілген сабақтар аясында 3000-нан аса бірлік жауынгерлік техника мен қару-жарақ тартылды. Әскерлердің бақылау тексерісі ойдағыдай әрі жоғары деңгейде өтті. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жауынгерлік даярлық бойынша басшылықтың қойған кез келген тапсырмаларын сәтті орындауға әрқашан дайын екендігінің айғағы болып табылады.

 





Яндекс.Метрика