Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ақтөбе облысында металл рудасын өндіру 12%-ға артты

Ақтөбе облысында металл рудасын өндіру 12%-ға артты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе24 Сәуір , 10:56

Өнеркәсіп көлемі 350,4 млрд теңгені құрап, түрлі-түсті металл рудасын өндіру 12%, металлургия өнімін өндіру 52%, машина құрастыру 74%, құрылыс материалдары 29% көбейгені байқалады.

43,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 133,7 мың шаршы метр тұрғын үй  пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының көлемі 21,2% өсті, яғни 14,9 млрд. теңгені құрады.

«24,5 млрд. теңгеге ауыл шаруашылық өнімі өндіріліп, құрамына 2 159  қосалқы шаруашылықтар кіретін 148 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды», - делінген хабарламада.

Бөлшек сауда айналымы 94,1 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі инфляция 102,7% құраса, инфляциялық үдерісті тежеу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес күн сайын кәсіпкерліктің субъектілеріне, соның ішінде қала мен облыс аудандарында  мониторинг жүргізіледі.




Яндекс.Метрика