Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Ақтөбеде 30-дан астам жаңа демалыс алаңы мен аллея ашылады (ФОТО)

Ақтөбе қаласының аумағында бұрыннан бар және жаңа 34 демалыс орындарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе 24 Сәуір, 09:51

«Қаланы көріктендіретін гүл бақтары мен саяжолдар жасыл желекті толықтырып, қалалықтардың демалыс орындарына айналады деп күтілуде. Осы шараны облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер, сондай-ақ, ірі мекемелер мен кәсіпорындар өз күшімен іске асыруда. Жобаға байланысты жаңа аллеяларда спорттық және балалар алаңдары, велосипед жолдары мен жаяужолдар, орындықтар орнатылады», - делінген хабарламада.

Бүгін 3 демалыс орны мен аллеяның құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Олардың біреуінің іргетасын білім беру басқармасы, екеуін құрылыс басқармасы қалады.

Әкімдік хабарлағандай, коммуналдық қызметтермен бірлесе отыра саяжай үйлерін, жапсарлас құрылыс нысандарын, аулаларды, жалпы пайдалану орындары мен жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.





Яндекс.Метрика